ПСЖ-ның түлегі «Ертіске» ауысты

ПСЖ-ның түлегі «Ертіске» ауысты

Ивуарлық шабуылшысы Франк Джа Джедже павлодарлық клубтың ойыншысы атанды, деп хабарлайды франциялық L'equipe басылымы.

30 жастағы ПСЖ-ның түлегі 2005 жылы Франция құрамасының сапында Еуропа чемпионатының (U 19) алтын медалін жеңіп алған. Сонымен қатар, Джедже Кот-д’Ивуар сапында Пекинде өткен Олимпиада ойындарында ойнаған болатын. Ол франциялық клубтардан бөлек, украиналық «Черноморец» (Одесса), минскілік «Динамо», норвегиялық «Сарпсборг» және шотландиялық «Хайберниан» сапында алаңға шыққан.

 

Дереккөз: L'equipе

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или