Кабананга Конго ДР сапында матчтың үздік ойыншысы атанды
Кот-д’Ивуар мен Конг ДР құрамалары арасындағы ойында (2:2) «Астананың» шабуылшы Джуниор Кабананга өз құрамасы сапында үздік атанды.
Ойынның 9-минутында Кабананга Наскен Кебаноға нәтижелі пас берген болатын. Ал 28-минутта өзі де қанжығасын майлады. Vavel.com порталы Джуниорды Конго ДР құрамасында матчтың үздік ойыншысы деп таныды. Ал ивуар ойыншылары ішінен Серей Дье үздік болды.
Кабананга бұл турнирде екінші голын соғып отыр. Бұған дейін Мароккоға жеңіс голын соққан еді. Сол кезде де көптеген басылымдар Кабананганы матчтың үздік ойыншысы деп атаған болатын.
Екі ойыннан кейін Конго ДР құрамасы 4 ұпай еншілеп, топтан шығуға мүмкіндік алып отыр. Африка ұлттары кубогы топтық кезеңінің соңғы матчында Тогоға қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или