Клопп: «Ван Бастен өзіне жаңа ойын ойлап тауып алсын»
«Ливерпульдың» бас бапкері Юрген Клопп футболдың ережелеріне өзгеріс енгізуге қарсы екенін айтты.
Осыған дейін ФИФА-ның техникалық директоры Марко ван Бастен пенальтиды буллитке ауыстырып, офсайдты алып тастауды және ереже бұзған футболшыларды жаңа тәртіп бойынша жазалауды ұсынған болатын.
«Футбол – ерекше ойын. Оған өзгеріс енгізудің еш қажеті жоқ. Көптеген командалар бізге қарсы офсайдсыз ойнап жүр. Ал ван Бастен өзі жаңа ойын ойлап тауып алсын. Футболға өзгерістің қажеті жоқ», - деді Клопптың сөзін Team Top жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или