«Барселона» ойыншылары «Шапекоэнсеге» арнап қолтаңба қалдырды
«Барселона» ойыншылары қолтаңбалары қойылған футбол жейдесін «Шапекоэнсе» футбол клубының жаңадан ашылатын мұражайына жіберетін болады.
Олардың бұл әрекетін Испания біріншілігіне қатысатын өзге командалар да жалғастырады деп күтілуде.
Естеріңізге салсақ, «Шапекоэнсе» футбол клубы мінген ұшақ Колумбия жерінде апатқа ұшырап, ұшақ ішінде болған 77 адамның 71-і қайтыс болған болатын. Аман қалған алты адамның ішінде үш футболшы бар. Олар: Элио Нето, Жаксон Фолльманн және Алан Рушель.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или