Анхель Ди Мария Қытай клубтарына ауыспайтынын айтты
Аргентина құрамасы мен ПСЖ ойыншысы Анхель Ди Мария Қытай біріншілігіне ауысу мүлдем ойында жоғын айтты.
«Менің келісім шартымның аяқталуына әлі екі жыл бар. Маған және менің отбасыма осы қала ұнайды. Алып қашпа әңгімелердің болып жатқанына қарамастан мен келісім шартым аяқталғанша ПСЖ клубында қаламын. Әркімнің ойы әрқалай. Кейбір ойыншыларды Қытай беретін мол ақша қызықтыратын шығар, бірақ, мені емес. Менің қалауым осында қалып ойыннан ләззат алу, және басты мақсатым осы клубпен Чемпиондар лигасын бағындыру»,-дейді Анхель Ди Мария аргентиналық телеарналарға берген сұқпатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или