Хосеп Гвардиола жұмыссыз қалуы ықтимал бапкерлер қатарында

Хосеп Гвардиола жұмыссыз қалуы ықтимал бапкерлер қатарында

SkyBet букмекерлік кеңсесі АПЛ–дің келесі жұмысынан айырылатын бапкеріне бәс қабылдауда.

Жақын күндері «Уотфорд» бапкері Вальтер Мадзарриді жұмысынан айырылады деген бәске 2,50 коэффициент беріп тұрған көрінеді. Одан кейінгі кезекте «Сандерленд» бапкері Дэвид Мойес пен «Вет Хэм» тізгінін ұстаған Славен Билич тұр. Егер сіз аталған бапкерлер жұмысынан кетеді деп бәс тіксеңіз бәсіңізде алты есеге ұлғайтып алуға мүмкіндік бар.

Ал «Манчестер Сити» бапкері Хосеп Гвардиола жақын күндері жұмысссыз қалады дегенге букмекерлік кеңсе 14,00 коэффициент берген.

Жозе Моуринью мен Арсен Венгер қызметінен қуылады деген болжамға кеңсе 51,00 коэффициент беруде.

Турнирлік кестеде көш бастап келе жатқан «Челси», «Ливерпуль», «Тоттенхэм» бапкерлеріне әзірге алаңдауға еш негіз жоқ. Олардың отставкасына SkyBet букмекерлік кеңсесі 151,00 коэффициент ұсынуда.

Айта кетейік, Хосеп Гвардиола командасы соңғы турда «Эвертонға» 4-0 есебімен есе жіберген. Көш басындағы «Челси» олардан он ұпай артық жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или