«Манчестер Сити» бразилиялық футболшыны сатып алды
«Манчестер Сити» клубы 19 жасар бразилиялық шабуылшы Габриэль Жезушты сатып алды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.<br /><br />Габриэль бұған дейін бразилиялық «Палмейрас» клубында өнер көрсеткен. Шабуылшы «Палмейрас» сапында 45 ойын өткізіп, 21 гол соққан. <br /><br />«Манчестер Сити» үнемі чемпиондыққа тартысады. Ал менің чемпион болғым келеді. Команданың бас бапкері мен ойыншылары маған ұнайды. Осы факторларға сүйене отырып мен «Манчестер Ситиді» таңдадым, - деді бразилиялық шабуылшы.
Айта кетейік, 19 жасар футболшы АПЛ-дың кезекті турында «Тоттенхэмге» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или