Тасмағанбетов Универсиада дайындығын қортындылады

Тасмағанбетов Универсиада дайындығын қортындылады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі. 

 
Қазақстан Республикасының спортшылары алғаш рет Универсиада бағдарламасына енген спорттың барлық түрі бойынша сайысқа түседі. Қазақстан тарапынан қатысатын 250 спортшының тізімі жинақталып, келісілді. 
 
 «Біз 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы жөніндегі мәселені, оның ішінде студенттік командалардың оқу-жаттығу жиынын өткізу қорытындысын, FISU конференциясын ұйымдастыру және ұлттық құрама команданы парадтық спорт киімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырамыз», - деді кеңес барысында Иманғали Тасмағамбетов. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или