«Реал» қатарынан екінші ойында жеңіліп қалды

«Реал» қатарынан екінші ойында жеңіліп қалды

Испания кубогының 1/4 финалындағы алғашқы матчта «Реал» өз алаңында «Сельтаны» қабылдаған.

«Сантьяго Бернабеуде» өткен кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды – 2:1.

«Сельта» сапында Яго Аспас пен Хонни көзге түссе, алаң иелерінен Марсело қанжығасын майлады.

Қарымта матч 25 қаңтарда «Балаидос» стадионында өтеді.

Айта кетейік, «Реал» барлық турнирлерді қосқанда 40 матч бойы жеңілмей келе жатқан еді. Алайда өткен сенбіде чемпионатта «Севильядан» ұтылып, сериясын үзіп алды. Ал бұл клубтың қатарынан екінші жеңілісі саналады.

Испания кубогы. 1/4 финал. 1-ші матч.

«Реал» - «Сельта» 1:2 (0:0)

Голдар: Аспас, 64 (0:1), Марсело, 69 (1:1), Хонни, 70 (1:2)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или