Тимощуктың әйелінің жанайқайы
«Кайраттың» бұрынғы ойыншысы Анатолия Тимощуктың әйелі Надежда Навроцкая күйеуінің балаларын психиатрға апаруын талап еткені жайлы айтып берді.
«20 жыл бұрын осындай сұмдық болатыны түсіме де кірмепті. Мен өмір бойы жақсы көрген адамым сотқа оңдаған арыз жазады деп ойламаған едім. Білмеймін мүмкін мұндай қорқынышқа сенгім келмеген шығар.
Ол сот алдында 6 жасар балаларымызды психиатрға жүгінгенін талап етті. Балаларымыз гиперактивті және ашуланшақ деген өтірік сөздер жазғаны былай тұрсын, сот алдында қыздарымыз Даун ауруымен ауыратын арнайы мектепте оқуы тиіс деген мәлімдемесіне сене алар емеспін. Алайда, Толиктің өзі Ала Бублийға берген сұхбатында балаларымыздың дені сау, ақылды, 4 тілді еркін біледі деп мақтанған.
10 жыл бұрын Ураина мен Ресейдің арасы осыншалықты бұзылады деп кім ойлаған? Осындай қиын сәтте Анатолий ересек адам, нағыз көшбасшы, команда капитаны, өзін ұлтшыл жан деп қалыптастырған азаматтың жараланған украиналық жауынгерге баруға күмәнданатыны жаныма батты.
Өз еркімен отбасының қаржысын Ресейге шығаруда, Ресейде жеке кәсібін ашып, орыс спортшыларын қолдап мейрамханасына шақырып жүр», – деп өз Facebook парақшасында жазған.<br /><br />Айта кетейік, жақын арада Тимощук «Зенит-2» клубымен келісімшартқа отыруы ықтимал.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или