Аршавин әлем чемпионатында ойнамаған ТОП-10 жұлдыздың қатарына енді
Испаниялық Mega Futbol порталы «Қайраттың» жартылай қорғаушысын әлем біріншілігінде ойнау бақыты бұйырмаған он жұлдыздың қатарына енгізді.
Порталдың тұжырымы бойынша, Аршавин сегізінші орынға жайғасқан. Бірінші орында Джорж Веа (Либерия) тұр. Екінші орынға Райан Гиггз орналасқан. Үштікті Аргентина мен Испания құрамаларының сапында ойнаған Альфредо ди Стефано қорытындылап тұр.
Төртінші орында - Джордж Бест. Одан кейінгі орында үш құрама (Чехословакия, Венгрия, Испания) сапында доп тепкен Ладислав Кубала тұр.
Эрик Кантона - алтыншы орынға жайғасқан. Аршавинның алдында Бернд Шустер тұр. Содан кейін Яри Литманен мен Валентино Мацолла тізімді қорытындылайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или