Байшақов пен Аубакиров УЕФА президентімен кездесті
Лозаннада УЕФА басшылығының жиыны өтті. Кездесу барысында ұлттық ассоцациалардың UEFA TEP жобасы бойынша әңгіме өрбіді.
Бұл жиынды УЕФА президенті Александр Чеферин, УЕФА-ның бас хатшысы Теодор Теодорис, оның орынбасары Джорджо Маркетти және ұлттық ассоциациялар департаментінің директоры Зоран Лакович жүргізді. Бұл шараға Қазақстаннан бөлек Белорусь, Греция, Латвия, Мальта, Россия, Румыния, Түркия, Украина және Эстония федерацияларының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында ұлттық және клубтық жарыстар бойынша ұйымның болашақ жұмысы мен ұйымдастыру шаралары қарастырылды.
Қазақстанның атынан аталмыш жиынға Сеильда Байшақов және ҚФФ-ның бас хатшысы Қаныш Аубакиров қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или