Қостанайлық спортшылар Атыраудың атынан шығады

Қостанайлық спортшылар Атыраудың атынан шығады

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға Атырау облысынан шорт-трек бойынша үш спортшы қатысатын болды. Олар: қостанайлық Денис Никиша, Ольга Тихонова және кореялық Ким Ён А, - деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

Қостанайлықтардың Атырауда жаттығып, облыстың атынан жарыстарға шығып жүргендеріне бір жылдай болған. Қазіргі кезде бұл спортшылар маусым айынан бері Астана қаласындағы «Сарыарқа» мұз айдынында жаттығуда. Денис Никиша шорт-тректен Сочиде өткен қысқы Олимпиаданың төртінші орын иегері.

Айта кетейік, 21 жасар спортшының шорт-трекпен айналысқанына биыл оныншы жыл. Денис Никишаның айтуынша, бұл спорт түрі бойынша мықты қарсыластар Қытай және Корея елінен келеді. Алайда, біз спортшыларымыздан үмітіміз зор. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или