«Ақжайық» Кумыковтың командасымен кездеседі

«Ақжайық» Кумыковтың командасымен кездеседі

Түркия жерінде оқу–жаттығу жиынын өткізіп жатқан оралдық «Ақжайық» клубы бүгін өзбекстандық «Алмалық» командасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Бұл клубты елімізге жақсы таныс ресейлік маман Виктор Кумыков жаттықтырады.

Виктор Кумыков Қазақстанда қарағандылық «Шахтер», шымкенттік «Ордабасы» клубтарын жаттықтырған. Алғашқысымен еліміздің екі дүркін жеңімпазы атанды. Сондай–ақ, қазақстандық клубтар арасында алғашқы болып Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады.

Кездесу бүгін жергілікті уақытпен 16:00 де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или