Бензема, Кавани мен Коста қытайлық клубқа ауысуға жақын болды
«Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубы әлем футболының жұлдыздары Бензема, Кавани, Коста және Фалькаоны сатып алуға жақын болған.
Алайда Қытай футболына енгізілген жаңа лимит клуб басшылығына бұл жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
- Біз жаңа шабуылшы іздедік. Бенземаны сатып алу жоспарымызда болған. Сондай-ақ Фалькао, Раул Хименес, Кавани және Косталарға келісім–шарт дайындап қойғанбыз. Ал енді мына легионерлерге енгізілген жаңа лимиттен соң бұл ойымыздан бас тартуға тура келіп тұр, - деді клуб басшысы Шу Юхуи.
Қытай футболындағы жаңа ережеге сәйкес алаңға тек үш легионер ғана шыға алады.
«Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубы ертеректе «Зенит» клубынан Аксель Витсельді сатып алған болатын.
Футболдан Қытай лигасы наурыздың төртінде басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или