Роналдудың трансферлік құны Хари Кейннен төмен

Роналдудың трансферлік құны Хари Кейннен төмен

РИА Новостидің хабарлауынша, Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) жинақтаған трансферлік құны жоғары футболшылар тізімінде «Барселонаның» бразилиялық шабуылшысы Неймар көш бастады.

 
CIES мәліметі бойынша, «Барселона» шабуылшысының құны 246,8 миллион еуроны құраған.  Екінші орында тұрақтаған Лионель Мессидің трансферлік құны 170 миллион еуро. Тізім авторлары үшінші орынға «Манчестердің» жартылай қорғаушысы Поль Погбаны (155,3 миллион еуро) лайық деп тапты. Ал Мадридтік «Реалдың» форварды, «Алтын доп» иегері Криштиану Роналдуге тек 7-ші орында, оның трансферлік құны 126,5 миллион еуро. 
 
Айта кетейік, CIES бұл зерттеу жұмысы барысында барлық деректері ескерген. Нақтылай кетсек, статистикалық модель алаңда өткен уақытты, соғылған голдарды, футболшының жасы мен оның келісім-шарты және сатып алушылар тарапынан қызығушылықты ескереді.
 
Толық тізім.
 
041790172aba17eeb94f8273e03698d4.jpg
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или