Универсиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшері анықталды
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысында Алматыдағы Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері жайлы айтты. <br /><br />«Спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетуі үшін бір мезетте жазғы және қысқы Универсиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру жайлы шешім шықты. Бірінші орын үшін - 4,9 миллион теңге, екінші орынға - 3,3 миллион теңге және үшінші орынға - 1,6 миллион теңге беріледі. Дәл осындай сома жеңімпаздар мен жүлдегерлердің бапкерлеріне де қарастырылған», - деді Мұхамедиұлы.
Алматыдағы Универсиадаға әлемнің 59 елінен 2 000 спортшы келеді деп күтілуде. Олар спорттың 12 түрі бойынша бақ сынамақ. <br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или