Универсиаданың алғашқы қонақтары Қытайдан келеді

Универсиаданың алғашқы қонақтары Қытайдан келеді

Универсиаданың бірінші қонақтары 24 қаңтар күні келеді. Ол Қытай делегациясы болмақ. Бұл туралы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция директоры Наиль Нұров БАҚ-пен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің бірінші қонақтарымыз 24 қаңтар күні келеді. Ол 60 адамнан тұратын Қытай делегациясы. Одан кейін, бірнеше сағаттан соң Канада хоккейшілері келеді. 26-29 қаңтарда қонақтардың дені келеді, бұл күндері әуежайда өте тығыз жұмыс болады», - деді Н.Нұров.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда барлық нысандар 90 пайызға дайын екенін айтты.

«20 қаңтар күні дирекция барлық ғимаратты қала әкіміне тапсырады. Онда нысандар әбден жабдықталып, жарақталған күйде болады. Бүгінде біз Универсиадаға толығымен дайынбыз деп айта аламыз»,- деді Н.Нұров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или