Дмитрий Рейхард әлем кубогында жеңіске жетті

Дмитрий Рейхард әлем кубогында жеңіске жетті

Фристайлдың могул түрінен АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласының «Уайтфейс» тауында өткен əлем кубогының екінші кезеңі аяқталды.

Аталмыш жарыста ерлер сайысында отандасымыз Дмитрий Рейхард жеңімпаз атанды. Қазақстандық спортшыны әлем кубогындағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл спорт түрінде жеңіске жету үшін қиын элементтерді орындап, тәуекелге бару керек. Отандасымыз бұл жолы тәуекелге бел буып, аса қиын элементтерді үлкен жылдамдықта орындады.
Нәтижесінде 82,20 ұпаймен жеңіске жетті.

Бірінші кезең бойынша әлем кубогында көш бастап тұрған Канадалық Микаэль Кингсбери АҚШ-та алтыншы орын алып, жалпы есептегі бірінші орынды Дмитрий Рейхардқа босатты. Жерлесіміз 150 ұпаймен маусым көшін бастады.

«Менің алғашқы жеңісім 2008 жылы болды. Сайыс барысында жылдамдығым арта берді. Алғашқы секіру элементі жақсы орындалды, екіншісі де жоғары деңгейде болды. Үлкен еңбектің арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздім», — деді Дмитрий.

Айта кететін жайт, әлем кубогының үшінші кезеңі Лейк-Плэсид қаласынан Канаданың Валь Сен-ком қаласына ауысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или