«Ордабасы» «Интермен» тең түсті

«Ордабасы» «Интермен» тең түсті
«Ордабасы» Анталияда өтіп жатқан ОЖЖ-ны аясында әзірбайжандық «Интерге» қарсы достастық кездесуін өткізді.

Қарсыластар өзара мықтыны анықтай алмай, кездесу тең есеппен аяқталды. Бұл осы ОЖЖ-ғы «Ордабасының» үшінші ойыны. Бұған дейін Бахтияр Байсеитовтың шәкірттері бельгиялық «Беерсхотпен» (0:1) және албаниялық «Люфтетари» (3:4 - Смаков, Абдулин, Ашірбеков) кездескен еді. Шымкенттік «Ордабасы» ОЖЖ аясында келесі ойынын 19 қаңтар күні әзірбайжандық «Габалаға» қарсы өткізбек.

Айта кетейік, «Ордабасы» ойынның қос кезеңінде де әр-түрлі құрамамен ойнады.

«Ордабасы» ФК - «Интер» ФК (Әзірбайжан) - 0:0

«Ордабасы» (1-ші тайм): Бойченко, Адырбеков, Абдулин, Мищенко, Қожабаев, Смаков, Бейсенов, Гогуа, Гейнрих, Танчик, Булешев.

«Ордабасы» (2-ші тайм): Бондаренко, Уайс, Ерланов, Мұхтаров, Аліпбек, Миятбек, Смаков, Шамши, Пазылхан, Ашірбеков, Қайқыбасов.
2017 жыл 15-ші қаңтар Анталия қаласы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или