Биатлон: Галина Вишневская әлем кубогының кезеңінде жақсы нәтиже көрсетті

Биатлон: Галина Вишневская әлем кубогының кезеңінде жақсы нәтиже көрсетті

Германияның Рупольдинг қаласында бүгін өз мәресіне жеткен биатлоннан әлем кубогының бесінші кезеңінде қазақстандық спортшы Галина Вишневская 10 шақырымға ізге түсіп жарысуда 11-інші орында аяқтады.

Бұл сайыста Вишневская сегізінші болып жарыс жолына шықты. Өйткені осының алдындағы спринттік бәсекеде Галина мәреге сегізінші болып жеткен еді. Отандасымыз екі рет мүлт кеткенімен, жылдамдығын бәсеңдетпей 11-іншіорынды иеленді. Біздің құрамаға бұл да - жақсы көрсеткіш болып табылады. 

 
Айта кетейік, аталмыш жарыста атақты фин биатлоншысы Кайса Мякяряйнен жеңіске жетті. Екінші болып келген чехиялық Габриэла Коукалова әлем кубогындағы жалпы көшбасшылық орнын сақтап қалды. Ал франциялық Мари Дорен-Абер мәре сызығын үшінші болып аяқтады. 
 
Естеріңізге салайық, 2016-2017 жылғы әлем кубогы кезеңдерінде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген Г.Вишневская жалпы есепте 282 ұпаймен 13-орынға көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или