Генрих Мхитарян «Ливерпульге» қарсы ойынға ерекше жігерленіп шығады

Генрих Мхитарян «Ливерпульге» қарсы ойынға ерекше жігерленіп шығады

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Генрих Мхитарян кезінде Брендан Роджерс бапкерлік еткен «Ливерпульден» ұсыныс болғаны жайлы айтып берді.

Sky Sports басылымының хабарлауынша, Мхитарян бүгінгі «Ливерпульге» қарсы ойынға қатты әзірленіп, жігерленіп шығады.

Арменияның жұлдызы Daily Mail басылымына сұқбат берді.

«Брендан Роджерспен бірнеше рет телефонмен сөйлескенмін. Ол мені команда сапында Луис Суарес және Стивен Джеррардпен бірге ойнағанымды қалаған. Сол кезде өз күшіме сенбегенмін. Украина чемпионаты мен АПЛ-дың арасы аспан мен жердей, сол себепті ұсыныстан бас тартқанмын. Алайда бірнеше айдан кейін дортмундық «Боруссияға» ауысқанымда өзіме деген сенімділік пайда болды», - деді футболшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или