Максимович: «Астанада» тағы жарты жыл ойнаймын»

Максимович: «Астанада» тағы жарты жыл ойнаймын»

«Астананың» сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимович Novosti.rs сайтына берген сұхбатында «Валенсияға» қашан ауысатынын айтты. <br /><br />- «Астанада» тағы жарты жыл ойнаймын, кейін «Валенсияға» ауысамын. Жақын күндері елордалық клубтың Дубайдағы оқу-жаттығу жиынына қосыламын, - деді сербиялық футболшы. 

Естеріңізге сала кетсек, Максимович бұның алдында «Валенсиямен» бастапқы келісімшартқа қол қойды.

Испаниялық команда Неманьяны қаңтар айында 300 мың еуроға сатып алуға дайын болған, бірақ «Астанамен» келісімге келе алмады. Енді Немо жазда еркін агент ретінде «Валенсияға» ауысады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или