Габонда Африка кубогы басталды

Габонда Африка кубогы басталды

Африка Ұлттар кубогының алғашқы матчтары өтті. 

Жарыс қожайындары Габон құрамасы бірінші турда Гвинея-Бисауда ұта алмады. Пьер-Эмерик Обамеянг соққан допқа, қонақтар Хаури Соарештің голымен жауап берді. Ең қызығы, бұл гол соңғы минутта соғылды. 

А тобының екінші кездесуінде де тең нәтиже тіркелді. Буркина-Фасо мен Камерун құрамалары 1:1 есебімен тең тарқасты. 

Африка кубогы - 2017. А тобы. 1-ші тур

Габон - Гвинея-Бисау - 1:1

Голдар: Обамеянг 56 - Хаури Соареш 90+1

Буркина-Фасо - Камерун - 1:1

Голдар: Муканджо 35 - Дайо 75

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или