«Ақтөбеде» Месси және Агуэромен бірге ойнаған футболшы байқауда жүр

«Ақтөбеде» Месси және Агуэромен бірге ойнаған футболшы байқауда жүр

Аргентиналық жартылай қорғаушы Хуан Мануэль Торрес Түркияла жиын өткізіп жатқан «Ақтөбенің» қатарына қосылды. Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

Торрес «Расинг» (Авельянеда) және «Сан-Лоренсо де Альмагро» атты аргентиналық командалардың бұрынғы ойыншысы. Сондай-ақ, 2011 жылы украиналық «Металлисттің» намысын қорғаған. 2014 жылы «Металлистпен» келісім-шарты аяқталып, Аргентинаға қайта оралды. 2015 жылдан бастап «Атлетико Дефенсорес де Вилелас» командасында доп тебеді. Бірақ былтыр ауыр жарақат алып, соның салдарынан көп ойнай алмады. Торрес қазіргі уақытта жарақатынан толық айығып, жанкүйерлерді өнерімен тәнті етуге әзір.

Қазіргі уақытта бұл ойыншымен келісім-шарт жасалмаған. Футболшы «Ақтөбеде» байқаудан өтіп жатыр.

«Transfermarkt» нұсқасы бойынша «Чаконың» трансферлік құны 2013 жылы 4 500 000 миллион еуроны құраған.

Хуан Мануэль Торрес Аргентина жастар құрамасы сапында да ойнаған. Кезінде Лионель Месси, Серхио Агуэро және Пабло Сабалета секілді жұлдыздармен бірге 2005 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған.

Жетістіктері:

Жастар арасындағы әлем чемпионаты (1): 2005
Украина чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2012/13
Украина чемпионатының қола жүлдегері (1): 2011/12

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или