Кіші Емельяненко жекпе-жекке оралады

Кіші Емельяненко жекпе-жекке оралады

Александр Емельяненконың менеджері Олег Раевский қыста спортшының ММА-ге оралып, бразилиялық Антонио «Бигфута» Силваға қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты. .

«Біз ақпан немесе наурыз айына жоспарлап отырмыз.  «Бигфупен» жекпе-жек ұйымдастырсақ, жанкүйерге қызық болады деп ойлаймын. Жақында Александр жаңа келісім шартқа отырды. Қазір ол бабында. Жаттығу залынан шықпайды», – деді Раевский «Р-Спорт» басылымына берген сұхбатында.

 

Естеріңізге сала кетейін, қараша айында кіші Емельяненко абақтыдан шартты түрде босатылған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или