БАҚ Лига. СДУ турнир кестесінде көш бастады
Бесінші турдың алғашқы ойыны «Эффектив Медиа» мен СДУ командалары арасында өтті.
Бірінші тайм басталғаннан-ақ СДУ есепте алға шықты. 12-ші минутта команда есепті еселей түсті. Бір минут өткеннен кейін «Эффектив Медиа» есеп айырмасын қысқартса, тағы бір минуттан кейін теңестіріп үлгерді. Тайм соңына дейін командалар тең дәрежеде ойнады. Бірақ үзіліске дейін СДУ тағы екі гол соғып, алға шықты. Екінші таймның соңында «Эффектив Медиа» тағы үш гол жіберіп алды. Қорытынды есеп - 2:7. СДУ турнир кестесінде көш бастады.
«Эффектив Медиа» - СДУ - 2:7
Голдар: Сұңқар Болатұлы 13', 14' - Әлішер Келгенбай 1', 12', 35'; Сейдеметов Е. 18'; Мадияр Саудабаев 19'; Дастан Габбасов 36'; Әбдірайым Н. 38'.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или