Ермахан Ибрайымов Универсиада жайлы ойымен бөлісті

Ермахан Ибрайымов Универсиада жайлы ойымен бөлісті

Қысқы универсиада алау эстафетасының Алматыдағы кезеңіне алау көтеруші ретінде қатысатын бокстан олимпиада чемпионы Ермахан Ибрайымовалда келе жатқан жарыстар оңтүстік астанаға қандай ықпалын жасайтындығы жөнінде өз пікірімен бөлісті. <br /><br />

- Алдағы Қысқы универсиадаға қатысты үмітім зор. Осы ойындар қаламызға бай мұра қалдырмақ, жаңадан салынған спорттық объектер алматылықтардың игілігіне қызмет ететін болады. «Алматы-Арена» мұз кешенін мысалға алайық, ол қаланың көрікті орнына айналды, жас жұбайлар осында келіп, суретке түсіп жатқанын өзім көрдім. Олимпиада ойындарын немесе Универсиаданы өткізген қаланың дамуында үлкен серпін байқалатыны белгілі. Универсиада кезінде Алматыға шетелден көптеген спортшылар, жанкүйерлер мен туристер келмек, қаламыз көркейіп, жақсы жаққа қарай өзгереді. Екіншіден, Универсиада жетекші қазақстандық спортшылар үшін өз пайдасын тигізеді, өйткені ол 2018 жылғы Қысқы олимпиада ойындарына дайындықтың келесі бір кезеңіне айналмақ. Универсиададаны өзім асыға күтудемін. Себебі ерлер арасындағы хоккей жарысын көргім келеді, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жанкүйерімін. Сондай-ақ, трамплиннен секіру және биатлон жарыстарына баруды жоспарлап отырмын. 
<br />Естеріңізге сала кетейік, Универсиаданың алау эстафетасына атақты қазақстандық спортшылар, өнер қайраткерлері мен жастар қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или