WADA ережелері сақталады ма?

WADA ережелері сақталады ма?

Универсиаданың допингке қарсы күрес жұмыстарын қамтамасыз ету үшін дайындалып жатыр. 

 
Жарыстар кезінде Қазақстан Республикасының Допингке қарсы ұлттық орталығының тәжірибелі қызметкерлері жұмыс істейді. Сондай-ақ, Орталық Азиядан білікті мамандар шақырылады. Осылайша Қысқы Универсиада кезінде допингті бақылау қызметіне 35 инспектор мен 54 жетекші қызмет етеді. 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекцияның Медициналық қамтамасыз ету және допингті бақылау департаменті FISU медициналық комитетімен бірлмек.
Допинг бақылау қызметінің жұмысын жүзеге асыру мақсатында жалпы алғанда 10 допинг бақылау бекеті ұйымдастырылды: 9 бекет 8 спорттық нысанда (сынамалардың саны мен орналасқан жерін ескере отырып, бір спорттық объекте 2 бекет ұйымдастырылады), 1 бекет Атлеттер ауылында орналасады. Барлық бекеттердің жұмысына мониторинг жасау және үйлестіру мақсатында Атлеттер ауылындағы Медициналық орталық жанында допингке бақылау жүргізетін командалық орталық құрылады. Допингке қарсы талдау Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) аккредиттеуінен өткен Австрияның допингке қарсы зертханасында жүргізіледі. 
 
Айта кетейік, 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада кезінде допинг бақылау қызметінің жұмысы Дүниежүзілік допингке қарсы кодекстің ережелеріне, Халықаралық тестілеу стандарттарына сәйкес ұйымдастырылады. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или