Атлетика қалашығының әкімі тағайындалды
Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев Универсиададағы Атлетика қалашығының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Универсиаданың баспасөз қызметі.
«Қазақстандық боксшы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада жеңімпазы Серік Сәпиев Дүниежүзілік қысқы универсиада қонақтары мен еріктілері орналасатын Атлетика қалашығының әкімі болып тағайындалды», деп хабарлады Унтверсиада дирекциясы. «Атлетика қалашығының әкімі болу және мынадай ауқымды спорт шарасына араласу - мен үшін үлкен мәртебе және жауапты міндет. Жақында Алматыға Универсиадаға қатысу үшін қонақтар келе бастайды. Әлемнің әр түкпірінен келетін халықтардың бейбіт, келісімде болғанын қалаймыз», - деді Серік Сәпиев.
Айта кетейік, Атлетика қалашығына 3 000 адам келеді деп жоспарланып отыр. Онда спортшылардан бөлек, Ресей, Украина, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ және өзге де елдердің 100-ге жуық еріктілері де болады. Бас жоспар бойына спорт қалашығында мөлшермен 5 000 адам орналаса алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или