Бүкіләлемдік ММА асоциациясы (WMMAA) өз қатарынан ҚР ММА Федерациясын шығарып тастады
2017 жылдың 9-ші қаңтарында Бүкіләлемдік ММА ассоциациясы (World MMA Association) ҚР ММА Федерациясын (президент — Анатолий Ким) өз қатарынан шығарып тастау жөнінде шешімге келді. Бұл шешімді ұйым WMMAA Қаулысы мен нормативтік актілерінің бірнеше рет бұзылғанына байланысты қабылдаған.
WMMAA ұйымында Қазақстанның атынан ҚР жекпе-жек түрлері, панкратион және греплинг ұлттық Федерациясы мүшелік етеді.<br /><br />«Жекпе-жек түрлері, панкратион және греплинг ұлттық Федерациясы біздің Қазақстандағы сенімді серіктесіміз болмақ. Олар әуесқой ММА-де үздіктердің қатарында бола алатынын дәлелдеп жүр», — деп жазылған хабарламада.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или