Жұдырыққа жүгінген спортшы қыздар

Жұдырыққа жүгінген спортшы қыздар

Хоккейді нағыз еркектер ғана ойнайды. Бұл пікір бұрыннан қалыптасып қалған. Мұнда ойын барысындағы төбелестермен ешкімді де таңқалдыра алмайсың. Иә, еркектер мұз айдынында жаға жыртысып жатса, бұл хоккейге қосымша сән де беріп тұрады. Ал бірақ әйелдер арасындағы хоккей матчы төбелеске ұласса, бұл қыздардың да, ойынның да сәнін кетіретін сияқты.

Кеше Чехияда өтіп жатқан 18 жасқа дейінгі (!!!) әлем чемпионатының ширек финалында Ресей  құрамасы турнир қожайындарымен төбелесіп қалды. Нәтижелі паспен көзге түскен Нина Пирогова кездесудің соңында екі чех қызын сабап, ерекше көзге түсті.

Кейде төбелестер хоккейде ғана бола бермейді. Назарларыңызға түрлі спорт түрлерінде ару спортшылардың жұдырыққа кезек берген сәттерінен бейнетоптама ұсынамыз.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или