«Реал» «Барселонаның» рекордын жаңартты
Зинедин Зиданның командасы қатарынан 40 матч бойы ешкімнен жеңілмей келеді.
Кеше мадридтік ұжым Испания кубогының 1/8 финалының екінші кездесуінде «Севильямен» тең түсіп (3:3), жеңіліссіз сериясын 40 кездесуге дейін созды.
Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында рекорд каталондықтарда болған. Былтыр Луис Энрикенің командасы қатарынан 39 ойын ешкімнен ұтылмаған болатын. Енді міне «Реал» «Барселонаның» рекордын жаңартты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или