Пайе «Вэст Хэмде» ойнаудан бас тартты

Пайе «Вэст Хэмде» ойнаудан бас тартты

Франциялық жартылай қорғаушы Димитри Пайе лондондық команда сапында ойнаудан бас тартты, деп жазады The Telegraph. 

Бұл шешімді Пайе «Вэст Хэмнің» футболшыны марсельдік «Олимпикке» сатудан бас тартқанынан кейін қабылдаған. Франциялық ұжым жартылай қорғаушы үшін 20 миллион  және бонус ретінде 2,5 миллион фунт стрерлинг ұсынған. Бірақ «Вэст Хэм» басшылары Пайені жазға дейін ұстауды жөн көріп, ұсыныстан бас тартқан еді.

10-шы қаңтар күні футболшы өзінің трансферлік мәселесі шешілмейінше  клуб сапында  доп теппейтінін мәлімдеді. Бүгін жартылай қорғаушы жаттығуға шығудан бас тартқан. 

 

 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или