Астаналық спортшылар Универсиадаға дайын
Конькимен жүгіру спортынан халықаралық дәрежедегі спортшы Дмитрий Морозов пен Қазақстанның спорт шебері Надежда Сидельник елорданың намысын қорғамақ.
Отандық спортшылардың дайындығы жөнінде Астана қаласының конькимен жүгіру спортының бас бапкері Владимир Костин айтып берді.
«Өткен Универсиадада бұл спорт түрінен жарыс өткен жоқ. Біздің спортшылар доданы асыға күтуде. Дмитрий мен Надежда ең жас әрі болашағынан үміт күттіретін спортшылар, қазір олар шетелде жалпы командалық жиында жаттығуда. Дәл бабындағы спортшылар, сайысқа толық дайын. Олар сәтті өнер көрсетеді деп үміттенемін», - деді Владимир Костин.
Сондай-ақ астаналық спортшылар шайбалы хоккейден де өнер көрсетпек.
Еске салайық, 29 қаңтарда Алматыда бастау алатын XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға 12 спорт түрінен 168 отандық спортшы қатыспақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или