Алматылық оқушылар Универсиада аясында демалады
Алматыда өтетін 28-інші қысқы Универсиада ойындарына байланысты, қаладағы оқушылар кезектен тыс демалады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
«Алматыда санаулы күндерден кейін қысқы Универсиада ойындары басталады. Алматылықтар бұл жарысқа жанталаса дайындалып жатыр. Аталмыш жарысқа деген дайындық білім беру саласын да сырт айналып өтпеді. Нақтырақ айтсақ, Универсиада ойындарына байланысты Алматы қаласының оқушылары үшін 30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі», - деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Демалысқа шыққан оқушылар дүниежүзілік студенттер жарысын өздері барып тамашалай алады, деді баспасөз қызметінің мамандары.
Бұл өзгеріс Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің сабақтар кестесіне әсер етпейді.
Айта кетейік, Алматыда 201 мектеп бар, онда 218 мың оқушы білім алып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или