Роналду: « Месси «Алтын доп» ұтқан кезде мен оны құттықтағанмын. Қазір ол жоқ»
«Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду ФИФА ұсынған үздік ойыншыларды марапаттау рәсіміне «Барселона» ойыншыларының келмегеніне көңілі толмайтынын білдірді. <br /><br />«Мен Мессиден құттықтау хатын алдым деп ойлайсыз ба? Қалжыңдап тұрсыз ба? Менде оның нөмірі жоқ. Мен оны құттықтағанмын. Ол «Алтын доп» ұтқан кездері мен оны құттықтағанмын. Ал, бұл жолы ол келген жоқ. <br />Мен тек Мессидің ғана емес, «Барселонаның» барлық ойыншылары келгенін қалар едім. Әрине, олардың сәрсенбі күні маңызды ойыны бар. Бірақ, мен клуб нені қаласа соны істеймін. Мысалы, мен «Алтын доп» беру рәсімінің барлығына бардым. Бірнеше жыл бойы алмасам да, бәрібір келетін едім», – деді Роналду El Larguero бағдарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или