ШҚО-дан 42 спортшы Универсиадаға қатысады
XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға шаңғы жарысы, биатлон, тау шаңғысы, трамплиннен секіру, конькимен жүгіру спорты, фристайл, сноуборд, шаңғы қоссайысы, шайбалы хоккей сынды сайыстың тоғыз түрі бойынша шығысқазақстандық 42 спортшы ел намысын қорғамақ.
Шығыс Қазақстанның облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановтың айтуынша, қазір шығысқазақстандық спортшылар Алматыда өтетін XXVIII қысқы Бүкіләлемдік Универсиадаға және 18-26 ақпан аралығында Саппорода (Жапония) өтетін Азия ойындарына дайындық үстінде.
Асқар Байжігітұлы: «Универсиада қатысушыларының нақты тізімі әлі бекітілген жоқ. Спортшыларды дайындау олардың жеке жоспары мен республикалық және халықаралық шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес жүзеге асуда».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или