Спорт туралы тарихи һәм қызықты деректер
Спорт туралы деректер сонау біздің заманымызға дейінгі жылдардан бері келеді. Олардың ішінде түрлі қызықтары да бар. Сондықтан, назарларыңызға тарих болып қалып қойған қызықты деректер топтамасын ұсынамыз.
- Демосфен, Сократ, Гиппократ, Демокрит және Аристотель секілді ұлы ойшылдар да кезінде Олимпиада ойындарына қатысқан. Мысалы, Пифагор жұдырықтасу бойынша чемпион атанса, Платон панкратион жекпе-жегі бойынша үздік болған.

- 1932 жылы польшалық желаяқ қыз Станислава Валасевич чемпион болды. Тек 1980 жылы ғана Станиславаның еркек болғаны анықталды. Бірақ ол кезге дейін спортшы қайтыс болған еді.

- Таң шаңғысы бойынша Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, төрт дүркін Әлем кубогының иегері Херманн Майердің лақап аты славян тілінде сөйлейтіндердің күлкісін келтірген. Австриялық спортшының лақап аты «Херминатор» болған.

- 1976 жылы 20 наурызда қызықты оқиға болды. «Астон Вилла» мен «Лестер» арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталды. Бір қызығы, матчтағы төрт голды да алаң иелерінің ойыншысы Крис Николл соқты.

- Кейде қызықты деректер трагедиялық болуы да мүмкін. мысалы, 1998 жылы Конго Демократия Республикасындағы футбол матчында алаңға найзағай түскен. Нәтижесінде қонақтардың 11 ойыншысы қайтыс болып, 30 жанкүйер ауыр жарақаттанды. Ал алаң иелерінің бір ойыншысына да зақым келген жоқ.

- 1957 жылы бейсболшы Ричи Эшберн ұрған доп жанкүйердің бетін тиіп, қатты жарақаттаған. Бірақ кейін ойын жалғасқан соң, Эшберннің соққысы тағы да жанкйерге тиді. Бір қызығы, доп тағы да сол жанкүйерді іздеп тапқан.

- Ескі заманда гректер Олимпиада ойындарында сайысқа жалаңаш қатысқан.
