Роналду мен Месси бір-бірін мойындамады

Роналду мен Месси бір-бірін мойындамады

Кеше Швейцарияның Цюрих қаласында FIFA-ның үздіктерді марапаттау рәсімі өтті.

Көпшілік күткендей FIFA-ның «жыл ойыншысы» жүлдесі мадридтік «Реалдың» жұлдызы Криштиану Роналдуға бұйырды. Екінші орынға «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси ие болса, үздік үштікті «Атлетиконың» форварды Антуан Гризманн қорытындылады.

Сондай-ақ, FIFA-ның жыл құрамасына «Реалдың» бес ойыншысы, ал «Барселонаның» төрт ойыншысы енді. 

2afd71227429d7afb14a6a3c831a87a0.jpg

Айта кетер жайт, кешегі марапаттау рәсіміне «Барселонаның» ойыншылары келмеді. Бұған себеп, каталондықтар Испания кубогындағы «Атлетикке» қарсы қарымта ойынға қызу дайындалуда.

Жылдың үздік бапкері болып Англия чемпионы «Лестердің» бас жаттықтырушысы Клаудио Раниери атанды. Ол бұл номинацияда Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш пен «Реалдың» «коачы» Зинедин Зиданды артта қалдырды.

92379e098370f37092f2dfc95172c29f.jpg

Марапаттау рәсімінен кейін кімнің кімге дауыс бергені анықталды. 

FIFA-ның «жыл ойыншысы» Криштиану Роналду үздік деп Гарет Бейлді таңдапты. Екінші орынды Тони Кроосқа, ал үшіншіні Серхио Рамосқа беріпті. 

Өз кезегінде Лионель Месси әріптестерін үздік деп таныды. Лео Луис Суарезті бірінші орынға қойса, Неймар мен Иньеста екі мен үшінші сатыда. 

Антуан Гризманн өз Ұлттық құрамасының капитаны болмағандықтан ешкімге дауыс бере алмады. Есесіне, Франция құрамасының капитаны Уго Льорис өз дауысын «Гризиге» берді. Екіде - Лионель Месси, ал үшінші - Криштиану Роналду. 

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан FIFA-ның «жыл ойыншысын» анықтауда Андрес Иньестаны бірінші орынға қойды. Месси - екінші, ал Роналду - үшінші. 

Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсұфинов болса, өз дауысын Лионель Мессиге берді. Криштиануды екінші, ал Буффонды үшінші үздік ойыншы деп таныды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или