Армия спортшылары Қазақстан құрамасының сапында Универсиадаға қатысады
Қорғаныс Министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубының тоғыз спортшысы Қазақстан құрамасының сапында Алматыда өтетін ХХVIII қысқы Универсиада ойындарына қатысады, деп жазады клубтың баспасөз қызметі.
Әскерилер биатлон, шаңғымен жарыс және хоккейде жүлдеге таласпақ. Қатысушылардың арасында ЦСКА спорттық ротасының сарбаздары мен келісім шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген спортшылар бар. Қазіргі күні барлық спортшылар толыққанды дайындық үстінде. Биатлон командасы Германиядағы Әлем кубогына қатысып жатыр. Одан кейін Италиядағы жарыста бақ сынамақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или