Исламхан мен Байсуфинов жыл үздігін таңдауда кімге дауыс берді?
Халықаралық футбол Федерациясы (ФИФА) 2016 жылдың үздіктерін таңдауда құрама капитандары мен бапкерлерінің дауыс беру қорытындысын жариялады. <br /><br />Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2016 жылдың үздік ойыншысы ретінде Мессиді таңдаған. Екінші орынға Роналдуды қойса, үшінші орынды Буффонға берген. Үздік бапкер номинациясында Байсуфиновтың Хосеп Гвардиолаға бүйрегі бұрыпты. Екінші сатыға Сантушты, үшіншіге Диего Симеонені қойған.
Бауыржан Исламхан каталониялық Андрес Иньестаны жылдың үздігі деп таңдапты. Оның командаласы Мессиді екінші орынға қойса, Роналдуды үшінші сатыға жайғастырған. Сонымнн қатар, үздік бапкерлер тізімінің басына Гвардиоланы қойып, екінші орынды Зиданға, ал үшінші орынды Симоенеге берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или