Сергей Седов төбелес үшін сотталды
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының аға бапкері Сергей Седов төбелес үшін сотталды, деп хабарлайды отандық басылымдар.
Сергей Седовтың ісін Алматы қаласының Бостандық аудандық соты қарастырды. Айта кетейік, өткен жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласының белгісіз бір кафесінде Седов достарымен бірге ішімдік ішкен. Қу арақтың кесірінен достар өзара ерегесіп қалған. Алғашында жігіттер достасқан, алайда артынан бір-біріне қол жұмсап төбелесіп кеткен. Сол қақтығыста Седов досына қатты соққы жасап есінен танытып тастсаған. Нәтижесінде жәбірленушінің маңдай сүйегі сынып, мыйы зақымдалды. Сот-медициналық сараптамасы ол азаматтың денсаулығына ауыр зақым келгенін анықтады.<br /><br />
Аға бапкер тергеу барысында кінәні толық мойындап жәбірленушімен толық достасты. Және де сотқа келтірген шығынның барлығын өтеп берді. Сол себептерді ескерген сот жазасын жеңілдетіп 3 жылға дейін бас бостандығына шектеу қойды. Одан бөлек сот Сергейге 2,5 миллион тенге көлемінде айыппұл тағайымдады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или