Қытайдан тұңғыш рет Алматыға көп спортшы келмек

Қытайдан тұңғыш рет Алматыға көп спортшы келмек

Қытай Халық Республикасы Алматыда өтетін Дүниежүзілік Қысқы универсиадаға тұңғыш рет көп спортшы жібереді.

Қытай құрамасына 119 спортшы студенті іріктелді, олар қысқы спорттың 12 түрі бойынша сайысқа түседі. 2017 жылдың 5 қаңтарында ҚХР-дің Харбиндегі Спорт университетінде Алматыдағы Универсиадаға қатысатын спортшылардың есімдері жарияланды. Олар Қытайдың 7 провинциясы, автономдық аймағы мен муниципалитетінде орналасқан 17 университеттің студенттері. Қытайдың Студенттік спорт федерациясы өз спортшыларының болашақ нәтижелерін жоғары бағалап, мықты құрама жиналғандығын айтуда. 

«Біздің спортшылар Қазақстан мәдениетімен танысып, шетелдік қатысушылармен достық байланыстарды орнатады деп үміттенемін. Қабылдаушы жақ күнде дерлік бірлескен кездесулерді ұйымдастыратындықтан, түрлі елдерден келген жастар бір-бірімен достасып кетеді деген үміттеміз», - деді Универсиада-2017 ойындарындағы Қытай спорт делегациясының басшысы Янг Лигуо. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или