Қазақстан құрамасы алғашқы ойынды тең аяқтады

Қазақстан құрамасы алғашқы ойынды тең аяқтады

Ресейдің Санкт-Петербурге қаласында басталған Гранаткин мемориалы халықаралық турнирінде 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Словакия футболшыларымен кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті.

С тобындағы екінші ойында Литва құрамасы Әзірбайжан футболшыларынан 2:1 есебімен басым түсті. 

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 11 қаңтар күні Әзірбайжан құрамасымен өткізеді. Бұл матч Астана уақыты бойынша 15:00-де басталады. Бұл ойыннан кейін Литва мен Словакия құрамалары тартысқа түседі.

Словакия U19 - Қазақстан U19 - 0:0 (0:0)

Ескерту: Күсәпов 68

Словакия U19: Валах, Дуцар, Мрва (Вашко 46), Флак, Шпирияк, Бедяч, Римарэнко (Мадленяк 46), Слука, Филинский (Кудлишка 80), Шпирка (Вициан 80), Боженик (Кружлияк 80).

Қазақстан U19: Устименко, Аманжол, Қашкен, Кузнецов, Күсәпов, Жақсылық (Усачев 89), Кан (Тұрсынбай 89), Орал, Пайруз (Астанов 65), Сүйінов (Тұзақбаев 84), Сейдахмет (Скворцов 65, Құдайбердінов 89).

Төрешілер: Амелин, Кужелев, Никитин, Тихонов - (барлығы - Ресей).

9 қаңтар 2017 жыл, Санкт-Петербург, 300 жанкүйер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или