Marca: «Валенсия» дағдарыстан шығу үшін Қазақстанға назарын аударды»
Испаниялық Marca басылымы жартылай қорғаушы Неманья Максимовичтің «Астанадан» «Валенсияға» ауысуы жайлы пікірін жазды.
«Валенсия» дағдарыстан шығу үшін Қазақстанға назарын аударды. Оларға клубтың қазіргі қиындықтарынан шығаратын ойыншы қажет болды - Неманья Максимович. Жас серб 2015 жылы U-20 құрамасымен бірге Жаңа Зеландияда өткен әлем чемпионатын жеңіп алды. Футболшы Бразилия құрамасына қарсы финалда жеңіс голын соқты», - деп жазды басылым,
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Максимовичтің «Валенсияға» ауысқаны ресми түрде хабарланды. Неманья испаниялық клубпен 5 жылдық келісім-шартқа отырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или