Қытайда кімдер доп теуіп жүр?

Қытайда кімдер доп теуіп жүр?

Қытайлар футбол қоғамын дүр сілкіндірді. Бүкіл әлемнің назарын өздеріне қарата алды. Көптеген жұлдыздар Қытайда доп тебуге аттанды. Бірақ футбол жұлдыздарының Қытайға ауысқаны хабарланғанда, олардың қай клубқа көшкеніне көп көңіл бөлінбей жатады. Себебі олардың бәрі де қытайлықтардан басқасына түсініксіз аттар. Сондықтан, көбі қай жұлдыздардың бір-бірімен клубтас болып жүргенін білмей жатады.

Назарларыңызға қытайлық Суперлигада ойнап жүрген футбол жұлдыздарын ұсынамыз:

1) «Бэйцзин Гоань»: Ренато Аугусто, Бурак Йилмаз.

2) «Гуанчжоу Эвергранд»: Джексон Мартинес, Паулиньо.

3) «Хэбэй Чайна Форчун»: Эсекьель Лавесси, Стефан Мбиа, Жервиньо, Гаэль Какута.

4) «Цзянсу Сунин»: Рамирес, Алекс Тейшейра.

5) «Шаньдун Лунэн»: Грациано Пелле, Диего Тарделли, Жусилей, Паписс Сиссе.

6) «Шанхай Шеньхуа»: Карлос Тевес, Демба Ба, Фредди Гуарин, Обафеми Мартинс.

7) «Шанхай СИПГ»: Оскар, Халк, Рикардо Карвальо, Одил Ахмедов.

8) «Тяньцзинь Цюаньцзянь»: Жадсон, Аксель Витсель.

9) «Тяньцзинь Тэда»: Джон Оби Микель, Неманья Гудель.

10) «Чанчунь Ятай»: Марсело Морено.

Guangzhou Evergrande v Hebei China Fortune - CSL Chinese Football Association Super League Round 9 : News Photo

Қытай Суперлигасы туралы қызықты деректер:

1) Қытай чемпионаты кәсіби түрде 1993 жылдан бастап қана тіркелген

2) Қытайдың қазіргі жоғары дивизионы Суперлига деп аталады. Бұл біріншілік 2004 жылдан бастап ойналып жүр.

3) Соңғы үш маусым бойы Ping An Insurance компаниясы лиганың демеушісі саналады

4) Қытай Суперлигасының ең қымбат трансфері - Оскар. «Шанхай СИПГ» Оскарды «Челсиден» 60 миллион еуроға сатып алды. Ал Халк үшін «Зенитке» 55,8 млн еуро берді.

5) Соңғы алты жыл бойы Қытай Суперлигасын бір ғана клуб жеңіп алып келеді - «Гуанчжоу Эвергранд».

Guangzhou Evergrande v Guangzhou R&F - CSL Chinese Football Association Super League Round 3 : News Photo

Ең қымбат трансферлер:

1) Оскар - «Челсиден» «Шанхай СИПГ-ге» - 60 миллион еуро

2) Халк - «Зениттен» «Шанхай СИПГ-ге» - 55.8 млн

3) Алекс Тейшейра - «Шахтерден» «Цзянсу Сунинге» - 50 млн

4) Джексон Мартинес - «Атлетико Мадридтен» «Гуанчжоу Эвергранд» - 42 млн

5) «Рамирес» - «Челсиден» «Цзянсу Сунинге» - 28 млн

6) Аксель Витсель - «Зениттен» «Тяньцзинь Цюаньцзяньге» - 20 млн

7) Элкесон - «Гуанчжоу Эверграндтан» «Шанхай СИПГ-ге» - 18,5 млн

8) Жервиньо - «Ромадан» «Хэбэй Чайна Форчунге» - 18 млн

9) Грациано Пелле - «Саутгемптон» «Шаньдун Лунэнге» - 15.25 млн

10) Рикардо Гуларт - «Крузейродан» «Гуанчжоу Эверграндқа» - 15 млн

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или