«Реалдың» бұрынғы ойыншысы «Алтайға» ауысуға жақын

«Реалдың» бұрынғы ойыншысы «Алтайға» ауысуға жақын

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Жюльен Фобер мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

33 жастағы франциялық қорғаушы «Алтаймен» келіссөздер жүргізуде.

Бұл туралы шығыс қазақстандық ұжымның баспасөз-қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, Фобер Англия мен Франция чемпионаттарында 200-ге жуық кездесу өткізді. Сондай-ақ, 2009-шы жылы мадридтік «Реалда» өнер көрсетті.

Қазіргі таңда, Фобер шотландиялық «Килмарноктың» намысын қорғап жүр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или