«Қайраттың» чемпион болуына бес себеп
Алматылық «Қайрат» соңғы бірнеше жыл бойы ренессанстан өтіп жатыр, бірақ кезекті маусымның қорытындысы бойынша өз жанкүйерлерін чемпиондық титулмен қуанта алмады. Мұның себебі де көп. Олардың ішіндегі ең бастысы - Қазақстан чемпионатын өте нашар бастағанында болар. Нәтижесінде бас бапкер өз қызметінен кетіп, оның орнына басқа маман жайғасты. Чемпиондық жарыста «Қайратқа» қарсы болған факторлардың бірі «Ордабасымен» өткен төрт ойында ұпай жоғалтқаны. Алматылықтар шымкенттіктерге қарсы матчтарда мүмкін болған 12 ұпайдың екеуін ғана еншілей алды. Қорғаныс бөлігіне үлкен қиындықтар алып келген жарақаттарды да атамай кетуге болмайды. Бұл Кахабер Цхададзенің бас ауруына айналғаны анық.
Осылардың бәрін қоса келіп, маусымнан көптің көңілі қалған шығар. Бірақ бұл енді клуб тарихының кезекті парақшасы болып жабылды, «Қайраттың» жанкүйерлері де өткен жылдың өкініштерін болашақтың үміттеріне айналдыра алады.
Енді «Қайратта» 2017 жылғы маусымда чемпион болатын мүмкіндік бар. Оның өз себептері де бар. Расын айтқанда, себеп те көп екен.
Күтіп қалды
Себебі қарапайым. «Қайраттың» соңғы рет ұлттық біріншілікте топ жарғанына да 13 жылдан асып барады. 2004 жылғы чемпиондық құрам туралы болашақта түрлі аңыздар айта беруге де болады, себебі сол кездегі ойыншылардың бүгінде түрлі клубтарда ойнап жүргендері де саусақпен санарлық. 2004 жылдан кейінгі жетістіктен соң «Қайрат» ұзақ уақыт бойы сәтсіздікке ұшырап, чемпиондық көңіл-күйді жоғалтып алған. Бірақ жаңа қожайынның келуімен қайта жаңарып, елімізде үздік атанды да, ең маңызды титулды жеңіп алуға мүмкіндік ашты.
Психологияны өзгертетін сәт жетті
Алдыңғы үш маусымда «Қайрат» толасқан күш жинап, чемпиондыққа тым жақын болған еді. Бірақ, ең жауапты кез келгенде сол мақсаттарына қол жеткізе алмай қалды. Әрине, осыған бола клубты сәтсіз командалар қатарына қосып қоюға болмайды, бірақ «мәңгілік екінші» атағын жалғап, клубтың жеңімпаз психологиясына өзгерту жасамас үшін «Қайратқа» алдағы маусымда чемпиондық атақты алып, алматылық торсиданың не екенін көрсету керек.
Лайықты
Өткен маусымды клубтың бас бапкері үшін екі түрлі өтті деуге болады. Ел чемпионатының басында өте сәтсіз ойнап, Александр Бородюк орнынан кеткен соң, Кахабер Цхададзеге жылдам түрде команданы қабылдауға тура келді. Грузиялық маман ұжымды жылдам жинақтай алды, сөйтіп «Астананы» қууды бастады. Жалпы, «Қайрат» үшін біріншіліктің осылай аяқталуына бірнеше себеп бар. Өкінішке қарай, Цхададзе клубты чемпионаттың алтын медаліне алып келе алмады. Кубокта да бұл команда жеңіліп қалды. Қарашаның қарлы әрі суық күнінде «Астана» Алматының «Орталық» стадионында алтын дубль жасады.

Анатолий Тимощук «Қайратпен» бірге екі жүлде жеңіп алды
Бір қызығы, Бородюк «Қайратпен» бірге ресми матчтарда бір де бір жеңіске қол жеткізе алмады, қосымша уақытта да, овертаймда да солай болды. Соған қарамастан, ресейлік маман командамен бірге Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
Цхададзе команданы үлкен қиындықтан алып шыға алса да, Бородюктің «Қайраттағы» жүлдесі одан көбірек екені қызық болып тұр. Бірақ Цхададзенің лайық болғаны жасырын емес.
Андрей Аршавин үшін де кез келген трофейді жеңіп алу үлкен маңызға ие болды. Ресей құрамасының, «Зенит», лондондық «Арсенал» мен «Кубаньнің» бұрынғы ойыншысы бұл клубқа көктемде келген болатын. Ол кезде алматылықтар Суперкубокты жеңіп алып қойған еді. Аршавиннің «Қайратқа» келуін біреулер сынға алды. Оған жасалған сындар, қалжыңдар және жалақысын білуге ұмтылыстардан басталды Қазақстандағы мансабы.
Әйтсе де, «Қайраттың» 28-ші нөмірі барлығына да өз ойынымен жауап қатты, клуб құрамындағы үздіктердің бірі болып, тағы бір жылға келісім-шартын ұзартты. Егер 2017 жылғы маусымнан соң да Еуропа чемпионатының қола жүлдегері трофейсіз қалса, ақылға сыймас еді.
Кадрлік ресурс
Бүгінде Кахабер Цхададзеде алға қойылған мақсаттарды орындау үшін бәрі бар. Осылардың ішіндегі ең бастысы - уақыт. 2016 жылдың сәуіріндегідей грузиялық маман команданы турнир кестесінде көрсеткіші төмен белгісіз команданы жылдам қабылдамайды. Енді Цхададзеде ұжымды маусымға өзі дайындап, клубтың трансферлік саясатына араласып, құрамды күшейтуге мүмкіндік бар.

Георгий Жуков «Қайратты» күшейте алады
Осы маусым аяқталған соң «Қайраттың» құрамына қосылған Елдос Ахметов пен Георгий Жуков алдағы күндерге сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Ахметов қорғаныстың оң қапталын күшейту үшін шақырылды, былтырғы маусымда бұл қанатта Ермек Қуантаев пен Станислав Лунин анау айтарлықтай сенімді көрінбеді. Ол аз болғандай, екеуі де жарақат алып қалды, нәтижесінде Кахабер Цхададзе командасының қорғаныс бөлігінде үлкен қиындықтар болды, Бруно Соарес пен Тимур Рудосельский де жарақаттанып қалған болатын.

Елдос Ахметов (ортада) алғашқы жаңа ойыншылардың бірі болды
Жартылай қорғанысты да күшейту қажет болды. Екатеринборлық «Уралда» доп тепкен Георгий Жуковпен келісім-шартқа отыру ауадай қажет еді. Қазақстанның тумасы футбол ілімін Бельгияда алған, бала кезінде отбасымен бірге шетелге көшіп кеткен ол «Қайратқа» ауысқан соң, оған Қазақстан құрамасында ойнау міндеттелді. Егер ол жаңа клубында өзін жақсы қырынан көрсете алса, бұдан бәрі де жеңімпаз болып шығады. Жуковқа артқы жартылай қорғаныстан орын берілетін секілді. Кеңес Одағы маршалымен аттас футболшының техникасына қарап-ақ, оның алаң ортасындағы кез келген позицияда ойнай алатынын аңғаруға болады. Ол осы шепте бәсекелестікті арттыратыны анық.
Сондай-ақ, алматылықтар қақпашылар шебін де күшейте алды. Стас Покатилов жазда алысқа ұзамай-ақ, «Ростовтан» кетіп, «Қайратта» жалда ойнады. Қазақстан құрамасы голкиперінің «Халық командасына» ауысуы уақытылы болды. Владимир Плотниковтың жарақат алуы, Андрей Сидельниковтің сүреңсіз ойыны Покатиловке №1 орынды алуға жол ашып, ол өзін тамаша көрсете алды.
Нәтижесінде, «Қайрат» «Ростовтан» бұл қақпашыны сатып алды. Онымен келісім-шарт 3+2 жүйесі бойынша жасалды.

Стас Покатилов "Қайрат" сапында
Анатолий Тимощуктің кетуімен Исламбек Қуат өз позициясы, артқы жартылай қорғаныста ойнауға мүмкіндік алады, мұнда қазақстандық футбол мектебінің тәрбиеленушісі атағын алған Михаил Бақаевпен бірге қарсыластардың шабуылдарына тоқтау қоюмен айналысады. Былтырғы және өткен маусымдарда Қуат көбіне түрлі позицияларда ойнап, жарақат алған футболшылардың орнын жоқтатпауға тырысып жүрді.
Айта кетерлігі, былтырғы маусымда шабуыл шебі өздерін жоғары деңгейде көрсете алды. Чемпионатта 75 гол соқса, оның 22-сін Жерар Гоу өз атына жазды. Сөйтіп, кезекті рет біріншіліктің үздік сұрмергені атанды. Бірақ бұған қарамастан, алдағы маусымда шабуыл шебін де күшейту қажет. Бірнеше турнирде ойнайтын командаға екінші форвард кедергі болмайды.

Жерар Гоу өз деңгейін тағы да көрсетті
Чемпиондар лигасы
«Қайрат» соңғы рет Кәрі құрлықтың басты турнирінде 2005 жылы ойнаған болатын. Шыны керек, сол кезде алматылықтар Еуропада біраз шу шығарған словакиялық «Артмедияға» қарсы драмалы жекпе-жекте жеңіліп қалып, іріктеудің басында-ақ ұшып кеткен болатын. Сол кезде словакиялық ұжымды «Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Вайсс жаттықтырғанын айта кету керек. Бүгінде қазақстандық командалар бірінші іріктеу кезеңінде ғана ойнауды аз көреді. «Шахтер» мен «Астананың» жетістіктері соған дәлел. Оның үстіне, елордалық ұжым 2015/2016 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайтын командалар қатарына енген болатын, соның арқасында аты танымал болып, клубтың қазынасы 15 миллион еуроға толды. Біздің футбол үшін бұл өте үлкен қаражат екені айтпасақ та түсінкті.
Бұл жерде «Астананың» қарсыластарымен салыстырып, Чемпиондар лигасындағы іріктеу жолы Еуропа лигасынан оңайлау деп айтудың керегі де жоқ. Бірақ күресіп көруге болады. «Қайратқа» 2017 жылы неге бағын сынап көрмеске?