Ресми: Максимович «Валенсияға» ауысты

Ресми: Максимович «Валенсияға» ауысты

«Астананың» жартылай қорғаушысы Неманья Максимович ресми түрде испаниялық «Валенсияға» ауысты.

В92 басылымының хабарлауынша, сербиялық жартылай қорғаушы бес жылдық келісім-шартқа отырған. Осы уақыт ішінде ол 7 миллион еуро табыс табады.

Бірақ Неманьяның «Валенсияға» қашан ауысатыны белгісіз. Максимовичтің өзі осы қыста басқа клубқа ауысқысы келетінін айтқанымен, оның «Астанамен» келісім-шарты алдағы жазда аяқталады.

Айта кетейік, Испания чемпионатының 17-турынан соң «Валенсия» 12 ұпаймен 17-ші орында келеді. Бірақ клуб әзірше 15 қана ойын өткізді.

Ал 21 жастағы Максимович «Астанаға» 2015 жылдың ақпанында ауысқан болатын. Елордалық команданың сапында екі рет ел чемпионатын жеңіп алып, бір мәрте Қазақстан кубогының иегері атанды. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Былтыр Неманья Сербия жастар құрамасымен бірге әлем чемпионы атанып, артынша ұлттық құрамада алғашқы матчын өткізген болатын. ҚПЛ-да жартылай қорғаушы 54 матч өткізіп, 9 гол мен 6 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или